3 желтоқсанда ел аумағының басым бөлігінде бұрқасын, көқтайғақ және желдің күшеюі күтілуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын болады, кей жерлерде қатты, ал оңтүстік-шығыста және солтүстік-шығыста ауа райы ашық.

Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, күндіз өңірдің басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел күндіз 15-20, екпіні 25 м/с, кей уақыттарда 30 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.   
Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, күндіз кей жерлерде жел  15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде  жел 15-20 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын болады, күндіз кей жерлерде көктайғақ болады. Ақтөбе облысының кей жерлерінде  бұрқасын, көктайғақ, түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Қостанай облысында желдің екпіні 15-20 м/с күшейіп, кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.  
Солтүстік Қазақстан  облысының  кей жерлерінде  түнде тұман, күндіз көктайғақ,  жел 15-20 м/с  күшейеді.
Шығыс Қазақстан  облысының кей жерлерінде  тұман түсіп, бұрқасындатады, жел  15-20 м/с күшейеді.  
Алматы  облысының  Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с, екпіні 30 м/с күшейеді.

Соңғы жаңалықтар