3 сәуірде ел аумақтарының басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат   -  Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын, оңтүстік аймағының кей жерлерінде қатты жауын-шашын күтіледі, тек республиканың солтүстік-батысында, орталығында және оңтүстік-батысында күн ашық. Кей жерлерде екпінді жел, тұман, көктайғақ болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, тұман болады. Оңтүстік Қазақстан  облысының кей жерлерінде күн күркіреп, найзағай жарқылдайды.

 Ақмола, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

 Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, желдің 15-20 м/с күшеюі ықтимал.

Қызылорда, Павлодар облыстарының  кей жерлерінде жел тұрып, жылдамдығы15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.   

Соңғы жаңалықтар