3 сәбиді құтқарған студент: Қорқуға уақыт болған жоқ

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Семейлік студент колледж жатақханасынан шыққан өрттен үш баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

26 қаңтар күні Семейдегі құрылыс колледжіне тиесілі жатақхананың бесінші қабатында электр есептеуіш пен автомат тұрған қалқаннан өрт шыққан. 4-курс студенті Жасұлан Берекеев осы жатақхананың төртінші қабатында тұрады. Үстіңгі қабаттан жылаған баланың даусын естіген ол құтқарушылардың келуін күтпестен, өз бетімен әрекетке көшкен. Баланы үшінші қабатта тұрған ересектерге тапсыра салып, үстіңгі қабаттың басқа бөлмелерін де тексеріп шықпақ болады. Соның нәтижесінде тағы екі баланы ажал аузынан алып қалған.

«Балалардың бетін күрткемен бүркедім де, төменге түстім. Бәрі қас қағымда өтті. Қорқуға уақыт болған жоқ», - дейі 21 жастағы жігіт.

Өрт сөндірушілер келгенше жатақхана тұрғындары қызыл жалынмен өз беттерінше арпалысыпты. Осының арқасында тілсіз жау басқа қабаттарға тарап үлгермеген.

Қазір Жасұлан Берекеев құтқарған үш бала да дін аман. Колледж басшылығы студентті көрсеткен ерлігі үшін марапаттайтын болды.

Соңғы жаңалықтар