3 наурызда ел аумағының басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашынды, тұрақсыз ауа райы сақталады, республиканың тек батыс және солтүстік-батыс бөлігінде   ауа-райы жауын-шашынсыз болады.

Қазгидрометтің хабарлауынша, кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі.

Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал.

Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде - тұман.

ОңтүстікҚазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіліп, жел 15-20 м/с күшейеді, Оңтүстік-Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады.

Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғуы мүмкін.

 

Соңғы жаңалықтар