3 ақпанда еліміздің көп бөлігінде бұрқасын болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде құбылмалы ауа-райы сақталады, кей жерлерде қар жауады, республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығысында жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Жамбыл облысының  кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі,  жел 15-20, екпіні   25, оңтүстік-батыста кей уақытта 30 м/с аса күшейеді. 

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз бұрқасын болып, түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 23-28, таулы аймақтарда  желдің екпіні 30 м/с аса күшейеді. 

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай  Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау  облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып,  жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде  Маңғыстау облысының кей жерлерінде  бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының  кей жерлерінде бұрқасын болады, күндіз  жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды, облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар облысының кей жерлерінде күндіз бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Кей жерлерде тұман болады.        

 

Соңғы жаңалықтар