3 адамды қағып өлтірген қостанайлық сотта жауап береді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Жітіқара ауданында жаяу жүргіншілерді қаққан 23 жастағы тұрғынға қатысты қылмыстық іс соттың қаралуына түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іс материалдарына сүйенсек, 14 қазанда сағат 01.30 шамасында Жітіқарада мас күйде болған С. «Лада 21723» маркалы автокөлігін басқарған.

««Азамат С. сол уақытта Ш.Уалиханов көшесі бойында «Мұнай» жанар-жағармай стансасына бағыт алып, көлік жылдамдығын шамадан асырады. Нәтижесінде жолдан өтпек болған жергілікті жедел жәрдем қызметкерлері 37 жастағы Б., 56 жастағы Ш. және 52 жастағы М-ны қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Кейін оны полицейлер қолға түсірді», -делінген облыстық соттың хабарламасында.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан алған жарақаттан үш адам Жітіқара аудандық орталық ауруханасының жансақтау бөлімінде көз жұмды.

ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі, 347-бабы бойынша айыпталып отырған 23 жастағы ер адамға қатысты қылмыстық істің қаралуы басталды.

Соңғы жаңалықтар