29 қазанда 15 өңірде мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы 29 қазанда еліміздің 15 өңіріндегі 105 сайлау округінде шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлау өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сайлау барысында 22 облыстық, 19 қалалық, 64 аудандық мәслихат депутаты сайланады.

Қазіргі уақытта мәслихат депутаттығына 185 адам ұсынылды. Олардың ішінде 26-сы саяси партиялардан, 159-ы өзін-өзі ұсыну тәртібі бойынша.

Сонымен, Ақтөбе облысында 19 кандидат ұсынылды, Алматы облысында - 8, Атырау обылысында - 5, ШҚО - 15, Жамбыл облысында - 3, БҚО - 18, Қарағанды облысында - 25, Қостанай облысында - 25, Қызылорда облысында - 12, Маңғыстау облысында - 11, Павлодар облысында - 10, СҚО - 8, ОҚО - 7, Алматы қаласы бойынша 17 кандидат ұсынылды.

Ұсынылған кандидаттардың ішінен 41-і облыстық мәслихатқа, 32-сі қалалық мәслихатқа, 122-сі аудандық мәслихатқа дауысқа түсуде.

Соңғы жаңалықтар