28 шілдеде елдің оңтүстігі мен батысында аптап ыстық, шығысы мен солтүстігінде дауыл тұруы ықтимал

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты республиканың солтүстік, шығыс және орталығында ауа райы құбылмалы болады. 

Кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл тұрады, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал, деп хабарлайды Қазгидромет.

Республиканың басқа аймақтарында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады, оңтүстікте желдің соңы шаңды дауылға айналады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 17-22 м/с күшейеді, күндіз екпіні 25 м/с, жекелеген аудандарында бұршақ жаууы мүмкін, дауыл болады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман түсуі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, дауыл тұрады.

 Павлодар облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, бұршақ жаууы ықтимал, дауыл болады.

Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, дауыл болады.

 Ақмола облысының күндіз кей жерлерінде жел соғады, жылдамдығы - 15-20 м/с, түнде және таңертең тұман түседі, жекелеген аудандарында бұршақ жаууы мүмкін, дауыл болады.

 Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз жекелеген аудандарында бұршақ жаууы ықтимал, дауыл тұрады.

  Оңтүстік Қазақстан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл болады.

 Жамбыл облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с болады.

 Күндіз Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау облыстарында аптап ыстық болады.

Оңтүстік Қазақстан облысында, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында да аптап ыстық.

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарында, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

 

Соңғы жаңалықтар