28 сәуірде ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 28 сәуірде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады, тек оңтүстікте, оңтүстік-батыста және солтүстік- батыста  жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

 Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі,  батыста бұршақ жаууы мүмкін.

Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап,  жел 15-20, екпіні 25 м/с жетеді, ал Шығыс Қазақстан облысында тұман түсуі ықтимал.

Ақмола, Алматы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман болып,  желдің  жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, Қарағанды облысында түнде және таңертең күн күркіреп, найзағай ойнайды.

Күндіз Батыс  Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, желдің күші 17-22 м/с жетеді, бұршақ болуы ықтимал. Күндіз Атырау облысында жел шаңды дауылға ұласып, жел 15-20 м/с күшейеді.

 Күндіз Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қостанай, Маңғыстау облыстарында тұман түседі.

Соңғы жаңалықтар