28 сәуір күні елдің оңтүстігінде үсік жүреді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 28 сәуір күні елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады, оңтүстік және оңтүстік-шығыста нөсерлі жауындар күтіледі, тек  батыс аймақтарда күн райы ашық болады. 

Республиканың кей жерлерінде найзағай, тұман күтіліп, екпінді жел соғады, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Алматы облысының кей жерлерінде 18-23 м/с жылдамдықта жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей аумақтарында 15-20 м/с жылдамдықта соққан желдің екпіні, таңертең және күндіз Жамбыл облысында 25 м/с жетуі ықтимал. Жекелеген жерлерде бұршақ күтіледі.

Қарағанды, Қызылорда, түнде және таңертең Ақмола, күндіз Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында оған шаңды дауыл қосылады.

Солтүстік Қазақстан облысының жекелеген жерлерінде тұман болжанады, күндіз жел 15-20 м/с артады.

Қостанай облысының түнде және таңертең кей жерлерін тұман басады.

Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан  облысында түнде топырақ бетінде үсік жүреді.

Қарағанды облысының оңтүстік- шығысында өрт қаупінің жоғары деңгейі күтіледі.

 

Соңғы жаңалықтар