«28 панфиловшылар» фильмінің режиссері «Тарихи шындыққа берілгені үшін» сыйлығын алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «28 панфиловшылар» фильмінің режиссері Андрей Шальопа Ресейдің әскери-тарихи қоғамының сыйлығына лайықты деп табылды, деп жазды өзінің твиттердегі микроблогында РФ Мәдениет министрі Владимир Мединский.

 «28 панфиловшылар» фильмі прокатқа 24 қараша күні шықты, деп хабарлайды Риа Новости.

Панфиловшылар Қазақ КСР-нің Алматы қаласы мен Қырғыз КСР-нің Фрунзе қаласында 316 атқыштар дивизиясы ретінде құрылған. Оны генерал-майор Панфилов басқарып, 1941 жылы Мәскеуді қорғауға бағытталған ұрыстарға қатысты.

Соңғы жаңалықтар