28 маусым - Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні

None
None
АСТАНА. Қазақпарат - «Журналистің жегені - жантық, арқалағаны - алтын» дейді жазушы Шерхан Мұртаза. Халықтың тіршілігінен, әлеуметтік әл-ауқатынан, руханияты мен қоғам тынысынан хабар тарататын қалам иелері бүгін кәсіби мерекесін тойлап жатыр. 2004 жылдан бері маусым айының соңғы жексенбісі журналистер күні ретінде аталып өткенімен, 2011 жылдың 20 қазанында ел Президенті Жарлық шығарып, маусым айының 28 жұлдызы - «Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні» болып белгіленді.

Елімізде 1991 жылдың 28 маусымында Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заң қабылданғанын атап өту керек. Бұл заң ел ішіндегі тілшілер қауымының жұмысына тың серпін беріп, баспасөз саласында мемлекеттік БАҚ-пен қатар, жекеменшік басылымдар пайда бола бастады. Ал 2011 жылы бүгінгі күні аталып өтіп жатқан журналистер күнін белгілеу алдында тілшілер қауымының арасында біршама пікірталас туындаған. Бір топ қазақ даласында сонау бір ғасырдан астам уақыт бұрын мамыр айында жарық көрген «Түркістан уәлаяты» газетінің шығу төркіні құрметіне орай, тілшілер мерекесін мамыр айында белгілеуді сұраса, енді бірі журналистер күнін «Қазақ» газетінің тарихына икемдеуді ұсынған.

2011 жылы шыққан ел Президентінің №164 Жарлығы бұл пікірталастардың бәріне нүкте қойды. Мерекеден тыс елімізде тілшілер арасында жыл сайын дәрежелі байқаулар жарияланып, төртінші билік ел дамуына өзіндік үлесін қосып келеді.

Ендеше, осынау мерейлі мерекеде «ҚазАқпарат» Халықаралық агенттігі барша әріптестердің еңбегіне табыс тілейді. Қаламдарыңыз қарымды болсын. 

Соңғы жаңалықтар