28 қыркүйекте Қазақстанның төрт аймағында үсік жүреді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 28 қыркүйек күні Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Тек батыста, солтүстікте және оңтүстік-шығыста атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, жел күшейеді.

Түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі.

Солтүстікте, шығыста және орталықта үсік жүреді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейіп, түнде және таңертең тұман күтіледі. Қостанай, түнде және таңертең Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болжануда.

Күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 1-3 градус үсік күтіледі.

Оңтүстік Қазақстан облысында, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының  басым бөлігінде, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар