28 ақпанда Астана әкімінің халық алдындағы есептік кездесуі өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың 28 ақпанында сағат 10:00-де «Астана» концерт залында (бұрынғы Конгресс-холл) қала әкімі Әсет Исекешевтің елорда халқы алдындағы дәстүрлі есептік кездесуі өтеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Шара Астана қаласы әкімдігінің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунтында онлайн-режімде көрсетілетін болады. Есептік кездесу барысында әлеуметтік желінің пайдаланушылары да әкімге өз сұрақтарын қоя алады.

Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Қ. Мұңайтпасов к-сі, 5) мен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің (Жеңіс д-лы, 62) ғимараттарында есептік кездесуден тікелей трансляция ұйымдастырылатын болады. Мұндағы азаматтар тікелей қосылу арқылы әкімге өз сұрақтарын қоя алады. 

Бұдан бөлек, «Астана» концерт залының фойесінде қала әкімінің орынбасарлары, басқарма және елорда қызметтерінің басшылары сағат 8:30-дан 17:00-ге дейін азаматтарды қабылдап, оларға қажетті кеңес беретін болады. 

Соңғы жаңалықтар