28-30 наурыз күндері еліміздің басым бөлігінде қар жауып, тұман түседі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің еуропалық бөлігінен Қазақстан аумағы арқылы атомсфералық ағындар ауысады. Сол себепті алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде жабысқақ қар жауып, тұман, көктайғақ болуы мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарындағы ауа райы Каспий оңтүстігінде пайда болған циклонмен байланысты ағын ықпалында болады. Мұнда да жауын-шашын жауады және түнгі және таңғы уақыттарда тұман басып, қар жаууы мүмкін. Ауа температурасы әдеттегі климаттық нормадан 3-5ºС жоғары болады деп күтілуде. Республиканың батыс бөлігінде 30 наурыз күні ауа температурасы әдеттегіден 2-4ºС төмендеуі мүмкін.  

Астана қ. бойынша ауа райы болжамы

28 наурыз: көшпелі бұлт, аздаған жауын-шашын, тұман және көктайғақ болады. Оңтүстік-батыс желі 9-14, ұйытқи соққанда 15-20 м/с дейін жетеді. Түнгі температура 0,-2°С, күндіз +3+5°С.

29 наурыз: көшпелі бұлт, түнде және таңда жауын-шашын жауады. Оңтүстік және оңтүстік-батыс желі 9-14, ұйытқи соққанда 15-20 м/с. Түнгі ауа температурасы 0,-2°С, күндіз +4+6°С.

30 наурыз: көшпелі бұлт, аздаған жауын-шашын күтілуде. Батыс және оңтүстік-батыс желі 9-14, ұйытқи соққанда 15-20 м/с. Түнгі ауа температурасы 0,-2°С, күндіз 0,+2°С.

Алматы қ. бойынша ауа райы болжамы

28 наурыз: көшпелі бұлт, түнде жауын-шашын жауады және тұман түседі. Желдің жылдамдығы 2-5 м/с. Түнгі температура +1,+3°С, күндіз +11+13°С.

29 наурыз: көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Жел жылдамдығы 0-5 м/с. Түнгі ауа температурасы +2,+4°С, күндіз +15+17°С.

30 наурыз: көшпелі бұлт, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 2-7 м/с. Түнгі температура +4,+6°С, күндіз +17+19°С.

Соңғы жаңалықтар