26 жастағы шенеунік Қарағанды әкімінің аппаратын басқарады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімінің 26 жасар ұлы Қарағанды қаласы әкімінің аппарат басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Қарағанды әкімдігінің баспасөз қызметі атап өткендей, қала әкімінің жаңа аппарат басшысы жас болса да, кәсіби тәжірибесі мол іскер қызметкер.

null

«Бақтияр Омархановтың екі жоғары білімі бар - экономика және заң саласын жетік меңгерген. Сондай-ақ, ол экономика ғылымдарының магистрі. Мемлекеттік қызметте 2011 жылдан бері қызмет етуде. Қарағанды облыстық өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасының бас маманы ретінде жұмыс жасаған. 2014 жылдан қазіргі тағайындауға дейін «Қазагромаркетинг» АҚ Қарағанды бөлімінің директоры лауазымын атқарған», - деп атап өтті әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.

Бақтияр Омарханов Нұра ауданының әкімі Ниқанбай Омархановтың ұлы. Қарағанды әкімі Нұрлан Әубәкіров жаңа басшыны ұжымға таныстырып, жаңа қызметіне табыс тіледі.

Соңғы жаңалықтар