251 қазақстандыққа «Болашақ» стипендиясы тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегі республикалық комиссия 251 қазақстандыққа «Болашақ» стипендиясын тағайындау туралы шешім шығарды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Болашақ» Халықаралық бағдарламалар орталығы АҚ-ға сілтеме жасап.

2017 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша 600 стипендия бөлінген. Республикалық комиссияның екі отырысының қорытындылары бойынша соның 251-і өз иесін тапты.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын алуға ағымдағы жылдың 29 мамырынан 16 қарашасына дейін құжат қабылданды. Стипендия тағайындау жөніндегі конкурс 5 маусымда басталып, 20 желтоқсанға дейін өткізіледі.

Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегі  Республикалық комиссияның «Болашақ» бағдарламасы бойынша стипендиялар тағайындауға арналған келесі отырысы желтоқсанның басында өтеді.

Соңғы жаңалықтар