2500-ге жуық жұмысшы елорда көшелерін қардан тазартып жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қар жауып, көктайғақ болуына орай қалалық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы .

Қазіргі таңда қала көшелерінің тазалығына 900 бірлік техника мен 2 500 жуық жұмысшы жұмылдырылды. 

Сарыарқа ауданы бойынша 576 жұмысшы мен 229 бірлік техника шығарылды. Есіл ауданында 229 арнайы техника мен 915 адам және 28 мердігер ұйым жұмыс істеуде. Алматы ауданы бойынша 442 арнайы техника мен жол тазалауға 919 жұмысшы шықты.

Бүгін ауа райы болжамына сәйкес, Астана көшелерінде көктайғақ сақталады. Жел оңтүстік, оңтүстік-батыстан 9-14, қуаты секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Температура түнде және күндіз -3-5 градустан бастап әрі қарай төмендейді.

Ертең елордада күн  ала бұлтты, қар жауып, боран соғады. Жел оңтүстік-батыстан 9-14, түнде 15-20 м/с дейін ұйытқиды. Температура түнде -10-12, ал күндіз -8...-10 градус болады. 

12 желтоқсанда қалада қар жауады. Жел солтүстік- батыстан секундына 9-14 метрден. Температура түнде -15...-17, күндіз -11...-13 градус аралығында көрсетеді. 

Қала билігі елорда тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. Көлік жүргізу кезінде тез қимыл-әрекет жасамауға және жылдамдық режимін асырмауға шақырады. 

Соңғы жаңалықтар