25 жыл Қазақстан тарихы үшін дәуірлік оқиғалармен өлшенетін бейбітшілік пен келісімнің шежіресіне айналды - Әбдіқалықова

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 25 жыл Қазақстан тарихы үшін дәуірлік оқиғалармен өлшенетін бейбітшілік пен келісімнің шежіресіне айналды. Бұл пікірді ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биыл еліміз үшін үлкен тарихи белес - Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Бұл кезең Қазақстан тарихы үшін дәуірлік оқиғалармен өлшенетін бейбітшілік пен келісімнің шежіресіне айналды. Ел Тәуелсіздігінің ширек ғасырлық белесі аса жауапты тарихи міндетті орындау кезеңімен тұспа-тұс келіп отыр. Биылғы жылы жүзеге асырудың практикалық кезеңі басталған, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған 5 институттық реформаның түпкілікті мақсаты, арман мұраты, ортақ болашағы біртұтас ұлт құру екендігін атап өтуіміз керек»,- деді Әбдіқалықова ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Н.Назарбаевтың үлгісі: бейбітшілік пен келісімнің 25 жылы» атты халықаралық ғалымдар мен сарапшылар форумы барысында.

Мемлекеттік хатшы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін қалыптастырған Нұрсұлтан Назарбаевтың ауқымды тұлғалық ерекшелігіне кеңінен тоқталды. Сонымен қатар ол Қазақстан этносаралық келісім мен халық бірлігі саласында жаһандық көшбасшылардың біріне айналғанын бас айтты.

Айта кетейік, шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік мекемелердің өкілдері, қоғам қайраткерлері, Ресей, еуропалық Одақ, Латын Америкасы, Үндістан, Пәкістан, Оңтүстік Корея, Жапония, Моңғолия, Орталық Азия елдерінің ғалымдары мен сарапшылар қатысуда.

Соңғы жаңалықтар