25 сәуір күні Қазақстанда болатын маңызды оқиғаларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 25 сәуір күні болатын маңызды оқиғаларға шолу жасайды.

АСТАНА

Сағат 9.30-да Қазақстандағы Американың сауда палатасы «Экономиканы әртараптандыру сұрақтары: технология, тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылы, қуат көзін жаңғырту» тақырыбында конференция өткізеді. Конференция  «Марриотт» қонақ үйінде болады.

Сағат 10.00-де Мәжілісте пленарлық отырыс өтеді.

Сағат 10.00-де «Нұрсәулет 2» бизнес орталығында ТМД елдеріне кіретін мемлекетаралық комиссия мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының отырысы өтеді.

Сағат 10.00-де Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы, кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес кеңесі «Мәскеу» бизнес орталығында жиын өткізеді.

Сағат 10.00-де Ұлттық академия кітапханасында Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығына орай халықаралық форум өтеді.

Сағат 10.00-де ҚР Президенті жанындағы ақпараттық-ресурстық орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясы аясында Ассамблеяның ғылыми-сараптамалық кеңес отырысы өтеді.

Сағат 10.00-де Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінде «Сейфуллион оқуғаны - 14: Жастар, ғылым, инновация: цифрландыру - дамудың жаңа кезеңі» атты ғылыми-теориялық конференциясы өтеді.

Сағат 11.00-де Бейбітшілік пен Келісім сарайы маңында ағаш отырғызу өтеді.

Сағат 15.00-де «Көрме» көрме кешенінде Иран және Дешті Қыпшақ халықтарының рухани-тарихи байланысы атты жинақтың таныстырылымы өтеді.

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында сағат 15.00-де Қазмедиа орталығында «Қазақстан» телерадиокорпорациясының мобильді қосымшасы таныстырылады.

Сағат 15.00-де «Қазмедиа орталығында» ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің есептік кездесуі өтеді.

Сағат 18.00-де Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Қалетаев Конгресс орталығында өтетін Enactus Kazakhstan National EXPO 2018 ұлттық клубының салтанатты ашылуына қатысады.

АЛМАТЫ

Сағат 09.30-да Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанындағы Сорбонна-Қазақстан институтында халықаралық семинар ұйымдастырады.

Сағат 10.00-де П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде Каукен Кенжетаев пен Шабал Бейсеков атындағы ІІ халықаралық байқау өтеді. Жас өнерпаздар өзара мықтысын анықтайды. Байқаудың серіктесті - ҚР Тұңғыш Президент қоры.

Сағат 11.00-де «Интерфакс-Қазақстанның» баспасөз орталығында «ЕАЭО: экономикалық модель және оның қатысушы мемлекет тұрғындарының өміріне әсері» тақыбырында баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 11.00-де «Атакент» орталығында «Securika Kazakhstan 2018» халықаралық көрмесі өтеді. Онда қауіпсіздік және өртке қарсы құралдардың заманауи технологиясы көрсетіледі.

Сағат 11.30-да Қазақстан отбасы дәрігерлерінің халықаралық конференциясы аясында өкпе ауруы, демікпе, аллергиядан емдеудің эпидемиологиялық зерттеу жұмыстары таныстырылады. Халықаралық конференция Rixos Almaty қонақ үйінде өтеді.

Сағат 14.00-де Ritz Carlton қонақ үйінде Австрия Республикасының бизнес иелері мен мемлекеттік өкілдерінің қатысуымен брифинг өтеді.

Сағат 15.00-де ҚР Ұлттық кітапханасында әнші-композитор Сегіз Сері Мұхамедқанапия Бахратұлының 200 жылдығына арналған еске алу кеші өтеді.

Сағат 15.00-де «Боралды сақ қорғаны» археологиялық паркінде Týǵan jerim Almatym фестивалі өтеді. Фестивальге Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері қатысады.

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Сағат 11.30-да М.Қозыбаев атындағы университетте Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алып жүрген студенттермен кездеседі.

ҚОСТАНАЙ

Сағат 15:00-де облыс әкімдігінің мәжіліс залында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының оқу академиялық бағдарламалары орталығы бастығының орынбасары Асет Абжақовпен кездесу өтеді. Жиында Мемлекеттік басқару Академиясындағы оқу талаптары талқыланады.

 

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Сағат 11:00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінде  Арыс қаласының әкімі М.Қадырбек  өткен жылғы атқарған жұмыстары мен алдағы уақытта Елбасы Жолдаулары аясында атқаратын жоспарлары бойынша баспасөз мәслихатын өткізеді.

Сағат 12:00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінде Түркістан қаласының  әкімі Т.Мұсаев баспасөз мәслихатын өткізеді. Онды әкім өткен жылдың қорытындысына қысқаша тоқталып, Елбасы Жолдаулары аясында биылғы жылы атқарылатын жоспарлары туралы баяндайтын болады.

Соңғы жаңалықтар