25 наурызда ел аумағының басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты республиканың батыс, оңтүстік-шығыс, шығыс және оңтүстік аймақтарының кей жерлерінде жауын-шашын болады.

 Сондай-ақ кей жерлерде тұман түсіп, желдің күшеюі сақталады, ал батыста жаяу бұрқасын, оңтүстіктің кей жерлерде шаңды дауыл көтеріледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Жамбыл облысында жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, кей жерлерінде  тұман түсуі ықтимал. Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с күшейіп, шаңды дауыл соғады.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел тұрып, 15-20 м/с жетеді, кей жерлерінде найзағай жарқылдайды.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын болады, кей жерлерінде көктайғақ.

Түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман түседі.

Түнде және таңертең Атырау, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болуы мүмкін.

Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының да кей жерлерінде тұман түседі. 

Соңғы жаңалықтар