25 қарашада Қазақстанда болатын маңызды оқиғаларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 25 қараша күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолуды ұсынады.

АСТАНА

Сағат 10:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Рухани жаңғыру идеясы тұрғысында Ұлы Дала елінің ежелгі және ортағасырлық тарихы мәселелері» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді. Ұйымдастырушылар: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты, «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы.

Сағат 10:00-12:30 аралығында «Комфорт отель Астана» мәжіліс залында «Жалпы ұлттық талқылау» жобасы аясында «Ашық үкімет» веб-платформасы мен «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңнаманы жетілдіру бойынша қоғамдық талқылау өткізу жоспарлануда.

11:00-де «Нұр Әлем» павильонының алдында Астанадағы ең үлкен мұз айдынының ашылуы өтеді.

Ал, 14:00-де Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Ұлттық Мемлекеттік саясат мектебі түлектерінің форумы өтеді. 

АЛМАТЫ

11:00-де Достық үйінде латын әліпбиіне өту бойынша алдағы жоспарларды талқылауға арналған «Рухани жаңғыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Сағат 09:00-де «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы» ғимаратының алдында «RIC ON KO'RME» атты апталық жәрмеңке өтеді. Аталған жәрмеңкеде тек қана «ОҢТҮСТІК» АИО және «Ырыс» микроқаржы ұйымы арқылы қаржыландырылған тауар өндірушілері өз өнімдерін нарықтан төмен бағада ұсынатын болады.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

Сағат 12:00-де Көкшетаудағы Достық үйінде «Тәжік ұлттық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі ашылады.

Соңғы жаңалықтар