25 ақпанда елдің басым аумағында тұман мен көктайғақ болжанады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 25 ақпан күні республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын, тұман, көктайғақ күтіледі, сондай-ақ жаяу бұрқасын соғып, жел күшейеді.

«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, Қостанай, Солтүстік  Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанады, 15-20 м/с екпінде жел тұрады. Қарағанды , Жамбыл облыстарының кей жерлерін тұман басып, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-23 м/с артады.

Алматы облысының  Жалаңашкөл ауданында 18-23 м/с жылдамдықпен соққан желдің екпіні 28 м/с жетеді.

Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, облыстарының кей жерлерінде тұман мен 15-20 м/с екпінде жел болжанады.

Ақтөбе облысының  кей аумақтарында жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстарының жекелеген жерлерін тұман басады, Қызылорда облысында көктайғақ күтіледі. 

 

Соңғы жаңалықтар