24 шілдеде елдің оңтүстік, батыс өңірлерінде аптап ыстық болып, солтүстігінде жел күшейеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым аймақтарында құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр жауып,  дауыл тұрады, желдің күшеюі ықтимал, деп хабарлайды Қазгидромет.

Республиканың солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Ал елдің батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Ақмола, Атырау, Қостанай, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы, дауыл тұруы мүмкін.

 Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Кызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

 Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде найзағай болады, күндіз бұршақ, дауыл болуы ықтимал, түнде және таңертең тұман күтіледі.

 Павлодар облысының кей жерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, бұршақ, дауыл тұруы ықтимал, түнде тұман түседі. 

Соңғы жаңалықтар