24 сәуір күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат халықаралық ақпарат агенттігі 24 сәуір күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу ұсынады.

АСТАНА

09.00-де Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында Батыс және Орталық Азия сарапшыларының өңірлік кездесуі өтеді.

Салтанат сарайында 9.00-де «Шипажай - 2018» үшінші халықаралық ғылыми-практикалық форумы басталады.

 09.30-да The Ritz Carlton қонақ үйінде заң саласы бойынша Англия, Уэльс және Қазақстан сарапшылары қатысатын ағылшын құқығы туралы конференция өтеді.

10.00-де «Үкімет үйінде» Үкіметтің кезекті отырысы басталады.

10.30-да «Назарбаев орталығында» ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты «100 жаңа оқулық: тіл мен ғылыми-білім беру жүйесінің жаңғыруы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.

11.00-де Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүошара Әбдіқалықова Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкинмен кездеседі.

11.00-де ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасында «Президенттік институты - Қазақстан Республикасының саяси жүйесін жаңғыртудың негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

14.30-да Мәжілісте «Трансшекаралық өзендердегі су ресурстарын пайдалану және бақылау жағдайы» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

15.00-де ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінде Бүкіләлемдік иммундау апталығына арналған брифинг басталады.

15.00-де елорданың 20 жылдығына арналған «Астана-мәнгілік елдің темірқазығы» атты жас астаналық ақындардың айтысы өтеді.

17.00-де  Елбасы кітапханасының мұражайында «Тәуелсіздік таңында» экспозициясы ашылады.

 

АЛМАТЫ

09.00-де Қазақстандағы сирек кездесетін балалар ауруын емдеудің жаңа стандарттарын енгізу бойынша 2017-2019 жылдарға арналған Жол картасы аясында ғылыми-практикалық конференция басталады.

10.00-де Достық үйінде «Қазақстан халқының бірлік күнін» тойлауға арналған дөңгелек үстел бсталады.

11.00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінде «БЖЗҚ» АҚ қызметінің 2017 жылғы қорытындысы және 2018 жылға арналған негізгі жұмыс бағыттары» атты брифинг өтеді.  

12.00-де Алматыдағы Польшаның Бас консулдығында  Польша Тәуелсіздігінің қалпына келуіне 100 жыл толуына орай бекітілген «Польша күндері» туралы баспасөз конференциясы басталады.

17.00-де «Қазақстан» қонақ үйінде «Онлайн-несиелеу: артықшылықтары мен кемшіліктері» тақырыбында дөңгелек үстел басталады.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Отырар ауданына журналистер үшін пресс-тур ұйымдастырылады. Онда тілшілер аудандағы бірқатар әлеуметтік және тарихи нысандарды аралап, ауыл шаруашылығы саласында атқарылған жұмыстармен танысады.

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ

09.30-да Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауы аясында өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қызметін ресмилендіру мәселелері бойынша Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің Қостанай облысындағы көшпелі отырысы басталады.

16.00-де Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің  оқытушыларымен және студенттерімен кездеседі.

15.00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ұлттық банктің Қостанай филиалының директоры Жомарт Қажырахымовтың қатысуымен брифинг басталады.

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

10. 00-де Оқушылар мен техникалық және бейіндік білім беру ұйымдарының студенттері арасында облыстық бизнес-жобалар байқауы өтеді.

14.00-де Шығыс Қазақстан өнер музейінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында балалар шығармашылы байқау-көрмесі ашылады.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

15.00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру барысы туралы. 83 қадам: Еңбек қарым-қатынасын ырықтандыру» тақырыбында Ақмола облысы еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысы Берік Мұстафиннің қатысуымен брифинг өтетін болады.

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

11.00-де Ақтөбе облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Аймақтың көліктік әлеуетін кеңейту: жоспарлар және іске асыру» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

Соңғы жаңалықтар