24 сәуір күні елдің басым бөлігінде жаңбырлар сақталады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 24 сәуір күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбырлар сақталады, тек оңтүстікте, оңтүстік-батыста және орталықта жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. 

Республиканың кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі, екпінді жел соғады, солтүстіктің басым бөлігінде жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Атырау  облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, 15-20 м/с жылдамдықпен соққан желдің екпіні 17-22  м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 23 м/с дейін артады, жекелеген аудандарда найзағай күтіледі.

Батыс Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау облыстарында, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, түнде Ақмола облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с күшейетіні болжануда, түнде және таңертең тұман болады.

Қызылорда облысында күндіз шаңды дауылмен қоса 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады. Қарағанды облысының кей жерлерін тұман басады.

Соңғы жаңалықтар