24 қарашада ел аумақтарында тұман мен күшті жел күтіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 24 қараша күні антициклонның ықпалымен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек батыста, солтүстік-батыста және оңтүстікте жауын-шашын жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман болып, жел көтеріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы - 15-20 м/с-қа, екпіні 25 м/с-қа жетуі ықтимал.

Жамбыл, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан, күндіз Қызылорда облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, түнде Павлодар, түнде және таңертең Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

 

Соңғы жаңалықтар