23 сәуірде ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосферлық ағынның өтуіне байланысты ел өңірлерінің басым бөлігінде жаңбыр жауады. Кей жерлерде күн күркіреп, найзағай жарқылдайды, тұман, екпінді жел соғады, ал республиканың солтүстігінде желдің күшеюі күтілуде. 

Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

Ақмола, Қостанай облыстарында түнде, таңертең және күндіз жел күшейіп, жылдамдығы15-22 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында  соққан желдің жылдамдығы секундына - 15, кей жерлерде 23 метрге дейін жетеді, кей аудандарда күн күркірейді.

Павлодар, Шығыс қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарында жел тұрады, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.

Түнде Қызылорда, Атырау облыстарында күн күркіреп, найзағай ойнайды.

Маңғыстау, Қостанай облыстарында, Қарағанды облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. 

Соңғы жаңалықтар