23 сәуір. ҚазАқпарат: Атаулы күндер, оқиғалар, есімдер

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2018 жылғы 23 сәуірге арналған күнтізбесін ұсынады.

23 сәуір, дүйсенбі

Бүкілдүниежүзілік кітап және автор құқығын қорғау күні

Бұл мерекені 1996 жылы ЮНЕСКО Уильям Шекспир (1564-1616), Мигель де Сервантес (1547-1616) және жазушы - тарихшы Инко Гарсиласо де ла Веганы (1539-1616) еске алу мақсатында бекітті. Бұл үш жазушыны біріктіріп тұрған олардың өмірден қайтқан күндері - 1616 жылғы сәуірдің 23-і.
Қазір барлық өркениетті елдерде кітап жәрмеңкелері, көрмелер мен фестивальдар өткізіледі. ҚР Ұлттық кітапханасы - Бүкілдүниежүзілік кітап күнін өткізуді ұйымдастырушылардың бірі.

БҰҰ жол қозғалысы қауіпсіздігінің жаһандық аптасы

2015 жылғы 26 қазанда БҰҰ Бас ассамблеясы БҰҰ мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өңірлік комиссиялары бірлесіп алғашқы БҰҰ жол қозғалысы қауіпсіздігінің жаһандық аптасын өткізуді ұйымдастыруды ұсынды.

Ағылшын тілі күні

Алғаш рет 2010 жылы атап өтілді. Ағылшын тілі күні ұлы ағылшын ақыны, жазушы, әлем бойынша атақты драматург Уильям Шекспирдің туған күнімен тұспа-тұс белгіленді. Ағылшын тілі француз тілімен қатар БҰҰ хатшылығының жұмыс тілі болып табылады.  

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1580 жылы Ташкент билеушісі Баба сұлтан Ақназар (Хақназар) ханды опасыздықпен өлтірді. Мұның алдында Шарапхана маңында сол Баба сұлтанның қолынан Ақназардың екі ұлы қаза тапқан. Ақназар үш тарап - үш ұлысты ағалы-інілі үш туысқан бастаған Үш жүз деп жариялап, бастарын қайта қосқан болатын.

1957 жылы Қостанай облысындағы Рудный елді мекені қала мәртебесін алды.

1996 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың «ХХI ғасыр табалдырығында» атты кітабының жарық көруіне орай баспасөз мәслихаты өтті.

2009 жылы Польшадағы Великопольски аймағының астанасы Познань қаласында Адам Мицкевич атындағы университеттің Шығыстану және түркітану институтында қазақ бөлімі ашылды.

Польшаның ең ірі оқу орындарының бірінде қазақ бөлімінің ашылуы поляк ғылыми-педагогикалық және студенттер қоғамының елімізге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне, тарихы мен тіліне деген қызығушылығын білдіреді.

2010 жылы Қазақстан Республикасының Елшілігі Тәжікстанның «Иттилоот ва муошират» деп аталатын республикалық баспасөз орталығында Елшіліктің жәрдемімен Парсы тілдес журналистер форумы «Афрузда» басылып, «Қазақстан - ХХІ ғасыр» деп аталатын парсы және орыс тілдерінде шығарылған журналдың тұсаукесері өтті.

Аталған журналда еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмірі жайында толыққанды ақпарат берілген. Сонымен бірге Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарына жеке тармақ арналған.
Басылымның негізінен парсы тілдес оқырмандарға, бірінші кезекте масс-медиа өкілдеріне бағдарланғанын ескеретін болсақ, оның беттерінен қазақстандық радио, теледидар, Интернет-провайдерлер, баспасөз және электронды бұқаралық ақпарат құралдары туралы мәліметтерді табуға, сондай-ақ бұл саланы реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық базасының нормативті құжаттарымен танысуға болады.

2011 жылы Мәскеуде «Достастық жұлдызы» мемлекетаралық сыйлығымен Қазақстан театр және кино әртісі, КСРО және ҚазКСР халық әртісі, режиссер Асанәлі Әшімов марапатталды.

2012 жылы Қазақстан мен Мажарстан дипломатиялық қатынас орнатудың 20 жылдығын атап өтті.

2012 жылы құқық қорғау органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау жүргізу ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ҚР Президентінің www.akorda.kz  ресми сайтында «Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау» арнайы бөлімі ашылды.

2014 жылы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешімімен Қазақстан үшін алыс шетелден 300 бірлік көлемінде комбайндарды бажсыз әкелуге импорттық квота белгіленді.

2015 жылы Астанада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Мәңгілік Ел: бір ел - бір тағдыр» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы жұмысын бастады.

2015 жылы ҰОС ардагері Леонид Гирш ҚХА сессиясында Мемлекет басшысы Н. Назарбаевқа ҚХА негізін қалаушы, бірінші төрағасы ретінде Ассамблеяның алтын медалін табыс етті.


ЕСІМДЕР

117 жыл бұрын (1901-1960) геолог-петролог, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР ҒА-ның академигі, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері СЕРГИЕВ Николай Григорьевич дүниеге келді.

Ресейде туған. Ленинград политехника институтын бітірген. 1928-1931 жылдары Орталық Қазақстанды геологиялық картаға түсіру жұмыстарына араласып, Қоңырат кенін табуға қатысқан. 1931-1933 жылдары - Ленинград политехника институтының ассистенті. 1933-1936 жылдары - КСРО ҒА Геология ғылымдары институтының ғылыми қызметкері. 1936-1942 жылдары - Ленинград политехника институтының доценті. 1942-1947 жылдары КСРО ҒА Геология ғылымдары институтының сектор меңгерушісі және ғылыми хатшысы. 1947-1960 жылдары - Қазақ тау-кен институтында кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған.
Негізгі ғылыми еңбектері эффузиялық тау жыныстарының петрологиясын зерттеу мәселелеріне арналған. Орталық Қазақстан өңіріндегі эффузиялық түзілімдерде терең петрологиялық зерттеулер жүргізген. Ұлы Отан соғысы жылдары қорғаныс өнеркәсібіне қажетті шикізаттар іздеп, осы мақсатқа жарайтын құмның ірі кенін тапқан.
Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған.

108-жыл бұрын (1910-1986) ғалым-биохимик, медицина ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері ВЕРБОЛОВИЧ Петр Алексеевич дүниеге келді.

Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Украинаның Запорожье облысында туған. Днепропетровск медициналық институтын бітірген. 1946 жылдан Алматы мемлекеттік медицина институтында ассистент, доцент, кафедра меңгерушісі болған. Негізгі ғылыми еңбектері адам биохимиясына арналған. Миоглобин және басқа хромопротеидтер биохимиясын зерттеді. Миоглобиннің ет қызметіне, жануарлар жүйке жүйесіне тигізетін әсерін анықтады. Алматы мемлекеттік медицина институты жанында орталық ғылыми-зерттеу зертханасын ұйымдастырды.

«Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған.

100 жыл бұрын (1918-2006) Қазақстанның Халық қаһарманы, жазушы Қасым ҚАЙСЕНОВ дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында туған. Өскемен саяси-ағарту техникумын бітірген 1939-1940 жылдары Павлодар облыстық оқу бөлімінде инспектор болған. 1940 жылы Қызыл армия қатарына шақырылып, арнаулы әскери мектептен өткен. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында жау тылында партизандық қозғалысты ұйымдастыруға белсене қатысқан. Партизан қозғалысының алғашқы жетекшілері ретінде Закарпатья, Молдавия, Румыния, Чехословакия жерін неміс басқыншыларынан азат етуге қатысып, көптеген күрделі операцияларды жүзеге асыруға қатысқан. Қасым Қайсенов өзін өжет, тапқыр және ұйымдастыру қабілеті зор командир ретінде көрсеткен. Ол басшылық еткен отряд көптеген операцияларды сәтті жүзеге асырып, жауға соққы берген. 1945-1953 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі төралқасында, Жамбыл облысының Жуалы, Свердлов аудандық кеңестерінің атқару комитетінде жауапты қызметте болған. 1953-1970 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында, «Жазушы», «Қайнар» баспаларында редактор, директордың орынбасары қызметтерін атқарған. ҰОС кезіндегі өзінің партизандық өмір жолы, қарулас достарының қаһармандық ерлік істері жайлы сыр шертетін «Жас партизандар», «Илько Витряк» «Переяслав партизандары», «Ажал аузында», «Партизан соқпақтары», т.б. әңгіме, очерк, повесть жинақтарын шығарған. Шығармалары орыс, украин, қырғыз, т.б. тілдерге аударылған. Көркем аударма саласында М.Муратовтың «Ломоносовтың жастық шағы», Николай Томанның «Сабылтқан сағым», Мамед Кулизаде Жалилдің «Пошта жәшігі» кітаптарын қазақ тіліне тәржімалаған.

3-дәрежелі «Б.Хмельницкий», 2 мәрте 1-ші дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, көптеген медальдармен, Сондай-ақ «Чехословакия партизаны» орденімен, есімі жазылған қарумен марапатталған.

 99 жыл бұрын (1918-1985) жазушы ЧИРВА Федордүниеге келді.

Украинаның Черников қаласында туған. Театрдың суретшісі, жобалаушы, бетоншы, жүк тиеуші, радио мен газет тілшісі болып істеген. Алғашқы кітабы «Неміс» деген атпен 1954 жылы Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиеті баспасынан шыққан. Сол жылы Бетпақ даланы игерушілер жайында «Алтын жемісті жер» очерктер жинағы жарық көрген. Жазушының «Путь через ночь», «Утром небо голубое», «Черный идол», «Поезда туда идут», «Листья белой осени» «Хорошая погода на завтра» атты романдары жарық көрген.
«Қызыл Жұлдыз» орденімен, медальдармен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.

68 жыл бұрын (1950) әнші, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Абай атындағы опера және балет театрының әншісі Шаһимардан Қайдарұлы ӘБІЛЕВ дүниеге келді.

Павлодар облысы Шарбақты ауданында туған. Алматы эстрада-цирк өнері студиясын, Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясын бітірген.
1973-1975 жылдары - Қазақ академиялық опера және балет театрының әншісі. 1981-1982 жылдары - Қазақ филармониясының, Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясы жанындағы опера студиясының соло-әншісі болған. 1981-1997 жылдары Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының аға оқытушысы, вокалдық өнер факультетінің деканы, доцент қызметтерін атқарған. 1997 жылдан - ән салу кафедрасының профессоры.
Әнші репертуарларынан қазақ, орыс, тағы басқа елдердің композиторлары Абай Құнанбайұлының, Рахманиновтың, Чайковскийдің, Бизенің, Вердидің, Ахмет Жұбановтың музыкалық шығармалары елеулі орын алған. Гастрольдік сапармен Моңғол Халық Республикасында, Ресейде, тағы басқа көптеген елдерде болған. 1989 жылы Халықаралық «Алтын алма» фестиваліне қатысып өнер көрсеткен. Күләш Байсейітова атындағы 2-республикалық байқауының, Ереван қаласында өткен М.Глинка атындағы Бүкілодақтық әншілер байқауының жүлдегері.

ҚР Музыка қайраткерлері одағы төрағасының орынбасары (2005). ҚР Білім үздігі (2005).

62 жыл бұрын (1956) Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті филология факультеті, Әдеби шығармашылық және көркем аударма теориясы кафедрасының профессоры, ақын, филология ғылымының докторы, Қазақстан жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты Әнуар ТАРАҚ дүниеге келді.

Алматы облысының Райымбек ауданында туған. Қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген. 1980-1990 жылдары қазіргі «Жас алаш» газетінде, 1990-1992 жылдары «Парасат» журналында, 1992-2000 жылдары «Алматы ақшамы» газетінде істеген. 2000-2002 жылдары «Қазақстан-Заман» газетінің жауапты хатшысы қызметтерін атқарған. 2002 жылдан бастап - қазіргі қызметінде. Ақынның өлеңдері «Баспалдақтар», «Атамекен» ұжымдық жинақтарға енген. Сондай-ақ бірнеше әнге сөз жазған. «Алаштың айбын-ардағы - Абылай хан», «Қазақ әдебиетіндегі тарихи тұлға проблемасы (Абылай хан бейнесінің көркемдік тағылымы)» монографияларының, «Аударма психологиясы мен мәдениеті», «Аударма әлемі», «Ауызша аударма» оқу құралдарының, 200-ден аса зерттеу мақалаларының авторы.

59 жыл ұрын (1959-2003) тарих ғылымының докторы Ғазиз Оразайұлы БАТЫРБЕКОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын, Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген. 1989-2003 жылдары Қазақ КСР Орталық мемлекеттік мұрағатының жетекші ғылыми қызметкері, Қазақстан Ғылым академиясы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкері болған. Ғалымның «Академик Қ.Сәтбаевтың қоғамдық ғылымдар бойынша мұрасы», «Академик Қ.Сәтбаев және оның замандастары» атты кітаптары жарық көрген.

52 жыл бұрын (1966) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIшақырылымының депутаты, заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Балайым Туғанбайқызы КЕСЕБАЕВА дүниеге келді.

Шымкент облысы Киров ауданы Жамбыл колхозында туған. Талдықорған заң техникумын, әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің бакалавриатын бітірген.

1985 - 1993 жылдар - Талдықорған заң техникумының, әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің студенті.

1985 - 1988 жылдар - Шымкент облыстық атқару комитетінің әділет бөлімінде кеңсе меңгерушісі.

1993 - 1994 жылдар - Алматы қаласындағы «ШаҺар» архитектура-жобалық кооперативінде іс жүргізуші.

1994 - 1998 жылдар - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кеңесшісі, бас кеңесшісі, бас маманы, бөлім бастығы.

1999 - 2002 жылдар - Қызылорда облысы Әділет басқармасы бастығының орынбасары.

2002 - 2004 жылдар - Маңғыстау облысы Әділет департаментінің бастығы.

2004 - 2009 жылдар - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ішкі әкімшілік департаментінің директоры.

2009 - 2016 жылдар - Қызылорда облысы Әділет департаментінің бастығы.

2012 жылдан «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

2016 жылғы 24 наурыздан - алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының тізімі бойынша сайланған, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі.

«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне
20 жыл» мерейтойлық медалімен, «Ерен еңбегі үшін», «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медальдарымен және «Әділет органдары жүйесінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.

35 жыл бұрын (1986) ҚР Парламент Мәжілісі аппараты жетекшісінің орынбасары Дастан Рамазанұлы МАХАЕВ дүниеге келді.

Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген, заңгер.

Еңбек жолын 2005 жылы Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінде маман болып бастады. «Нұр Отан» ХДП Төрағасы бірінші орынбасарының көмекшісі (2010-2011), «Нұр Отан» ХДП орталық аппараты хатшылығының меңгерушісі (2011-2012), ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасы хатшылығының меңгерушісі (2012-2013), ҚР Парламенті Мәжілісі аппараты басшысының орынбасары (2013-2014), ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысы хатшылығының меңгерушісі (2014-2016).

Қазіргі қызметін 2016 жылдың маусым айынан бастап атқарып келеді.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен және «Құрмет» орденімен наградталған.


35 жыл
бұрын (1983) «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ринат Думанұлы КЕРТАЕВ дүниеге келді.

Жамбыл облысында дүниеге келген. 2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Қоғаммен байланыс» мамандығын бітірген.

«Хабар» агенттігіндегі еңбек жолы 2006 жылы қазақ тіліндегі ойын-сауық бағдарламалар редакциясының продюсері ретінде басталады. 2010 жылдан 2011 жылға дейін жаңалықтар бөлімінде сарапшы-редактор болды.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі, мемлекеттік «Дарын» сыйлығы, «Баспа және ақпаратты дамытудағы еңбегі үшін» ТМД Парламентаралық Ассамблеясының төсбелгісімен марапатталған, сондай-ақ ҚР Президенті грантының иегері. Бұған дейін «Хабар» арнасының директоры қызметін атқарды.


160 жыл
бұрын (1858-1947) неміс физик-теоретигі, кванттық теорияның негізін салушы, Берлин Ғылым академиясының мүшесі ПЛАНК Макс Карл Эрнст Людвиг дүниеге келді.

Мюнхен, Берлин университеттерін бітірген. 21 жасында «Жылу теориясы механикасының екінші заңы туралы» докторлық диссертация қорғап, 22 жасында Мюнхен университетінің приват-доценті атағын алған. Ғалымның алғашқы зерттеулері энтропия ұғымын дәлірек анықтауға, термодинамиканың заңдарын физикалық-химиялық процестерге қолдануға арналған. 1984 жылдан бастап жылулық сәуле шығарудың термодинамикалық теориясы мен абсолюттік қара дененің электрмагниттік сәуле шығару спектріндегі энергияның таралу заңдылықтарын зерттеумен шұғылданған. «Әсер квантын» ашуы арқылы физиканың дамуына қосқан еңбегі үшін М.Планк 1918 жылы физика саласы бойынша Нобель сыйлығын алған.


100 жыл
бұрын (1918-2001) кеңестік және ресейлік театр және кино актері, КСРО халық әртісі ВИЦИН Георгий Михайлович дүниеге келді.

Соңғы жаңалықтар