23 наурыз күні ел аумақтарында тұман мен желдің күшеюі сақталады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 23 наурыз күні республиканың батыс, оңтүстік-шығыс, шығыс және оңтүстік аймақтарының кей жерлерінде жауын-шашын күтіледі. 

Жекелеген жерлерде тұман түсіп, желдің күшеюі сақталады. Батыста жаяу бұрқасын жүреді, оңтүстіктің кей жерлерінде шаңды дауыл соғып, найзағай күтіледі.

Атап айтқанда, Жамбыл облысында 15-20 м/с екпіндегі желдің жылдамдығы 23 м/с күшейеді, түнде кей жерлерде  тұман күтіледі.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей аумақтарында тұман, найзағай және 15-20 м/с жылдамдықтағы жел күтіледі.

Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, тұман, көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, найзағай бақыланады.

Маңғыстау, Атырау, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде және таңертең Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады. 

Соңғы жаңалықтар