23 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 23 мамырда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы күтіледі, кей жерлерінде найзағай мен жаңбыр жауады, солтүстік-батыстың кей жерлерінде нөсер жауып, тек республиканың оңтүстік-шығыс және шығысында күн райы ашық болады. Кей жерлерінде жел күшейіп, бұршақ болуы мүмкін, солтүстік-батыстың кей жерлерінде тұман болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Ақмола облысының кей жерлерінде түнде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с болады.

Қостанай облысының кей жерлерінде түнде желдің күшеюі күтіледі, күндіз 15-20, күндіз кей жерлерінде екпіні 25 м/с болады.

Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, күндіз Жамбыл, Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с дейін жел күшейеді.

Түнде Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел екпіні 15-20 м/с-ге жетеді.

Маңғыстау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде - тұман болады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.

Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтілуде. Қарағанды облысында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Соңғы жаңалықтар