22 жыл бойы жылусыз отырған астаналық әкімдікке шағымданды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың Сарыарқа ауданына қарайтын Автоматика ауылындағы №6 үйдің тұрғыны қала әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошунға шағымданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«22 жыл бойы жылусыз тұру мүмкін бе? Жоқ. 2014 жылдан бері үйімізді тұруға жарамсыз етіп тапсын деп жанталасып келемін. Апатты үйлер тізіміне 47% тозған деп көрсетеді. Біріншіден, комиссия жалған техникалық акт жасады. Жылу құбыры трассасының 80% тозған деп жазылған. Жылу құбыры жоқ болса, қалай тозады? Газ жоқ, ыстық су жоқ, кәріз жүйесі екі жылдан бері жертөлеге ағып жүр. Өз күшімізбен жөндеп көрдік, бірақ қыс келісімен жылу болмай, құбырлар тағы жарылады, тағы да жертөлеге барып құйылады (...) Мұнда 6 үй, 1 балабақша және 1 дүкен болды. Бес үйді апатты деп танып, басқа жаққа көшірді. Ал біздің бес қабатты үйді қалдырды. Біз онда мамонттар секілді қырылып қалатын шығармыз», - деді тұрғын бірінші орынбасардың есеп беру жиынында.

Үй тұрғыны апатты үйде зейнеткерлер тұратынын атап өтті. Олар қыс мезгілінде «буржуйка» пештерін қолданып, бесінші қабатқа көмір тасуға мәжбүр болады.

Сергей Хорошун өз жауабында мәселелі үй туралы хабардар екенін айтты.

«Бұл бес қабатты тұрғын үй ДСК панелінен тұрғызылған. Конструкциялар бойынша тұжырымдамаға сәйкес мәселе туындамады. Бірақ, Сіз өтініш айтып отырғандықтан, келесі аптада өзім шығып аудандық әкімдікпен және тұрғын үй инспекциясымен барамын. Мәселені шешуге тырысамын», - деп жауап берді Астана әкімінің бірінші орынбасары.

Соңғы жаңалықтар