22 жастағы жігіттің бүйрегін рұқсатсыз алған дәрігерлер сотқа келмеді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - 22 жастағы Серікболсын Көшербайдың қос бүйрегін ата-аналарының, туған-туыстарының рұқсатынсыз алған дәрігерлер бүгін сот алды дайындыққа келмей қалды.

 Жауапкерлер арасында облыстық әкімдік, облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен бас хирург Ерлан Сұлтангереев бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басынан ауыр соққы алып, бас-ми жарақатымен ауруханаға түсіп, кейін жан тапсырған Серікболсын Көшербайдың қарындасы Балдәурен Нұрлыбаева азаматтық іс бойынша басты талапкер болды. Бүгін №2 Ақтөбе қалалық сотында Балдәурен Нұрбылаеваның арызы қаралды.
null

«Біз талап арызды толықтырып отырмыз. Азаматтық кодекс бойынша лауазымды қызметкер, жауапты тұлғалардың әрекеттеріне заңды тұлғалар жауап береді. Облыстық бас хирургі Ерлан Сұлтангереев облыстық денсаулық сақтау басқармасында жұмыс істегендіктен сол мемлекеттік мекеме жауапты. Облыстық денсаулық сақтау департаментінен, облыстың  бас хирургінен 1 миллион теңгеден моральдық шығын талап етіп отырмыз. Сонымен қатар, «Ақтөбе» газетінің иесі «Шамшырақ Ақтөбе» ЖШС-ін үшінші тарап ретінде сотқа қатыстыруын сұрап отырмыз. Талап арызымыз қанағаттандырылған жағдайда бас хирург Ерлан Сұлтангереевтің мәлімдемесін жоққа шығару туралы хабарлама баспасөзге шығуы керек»,- деді қорғаушы Қатарбай Раисов.

Айта кетейік, талапкер облыстық әкімдікті, облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен облыстың бас хирургі Ерлан Сұлтангереевті жауапкер ретінде тануды сұрады. Ал «Ақтөбе» газеті үшінші тарап болады. Судья А.Нұржанов талапкердің өтінішін қанағаттандырды. Келесі сот алды дайындық алдағы сейсенбі күні болады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай , ақтөбелік дәрігерлер 22 жастағы жігіттің екі бүйрегін екі адамға еш рұқсатсыз салып берген болатын.

Бұл оқиға бойынша Денсаулық сақтау министрі Ержан Біртанов өз пікірін білдірген еді . 

Соңғы жаңалықтар