22 сәуірде ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты 22 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады, тұман, екпінді жел сақталады, тек батыста шаңды дауыл тұрады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, күндіз Ақтөбе облыстарында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Күндіз Атырау облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, шаңды дауыл тұрады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, тұман, түнде көктайғақ болуы ықтимал.

Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз жел тұрып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

 

Соңғы жаңалықтар