21 наурызда еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 наурызда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты республиканың батыс, оңтүстік-шығыс, шығыс және оңтүстік аймақтарының кей жерлерінде жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман күтіліп, желдің күшеюі сақталады, оңтүстікте кей жерлерде шаңды дауыл, найзағай болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Жамбыл облысының  кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, кей жерлерінде  тұман бақыланады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 25 м/с шаңды дауыл соғады.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20, таңертең және күндіз екпіні 23 м/с болады, кей жерлерінде найзағай күтіледі.

Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай, Павлодар, түнде  және таңертең Ақмола, Солтүстік Қазақстан, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман байқалады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді

 

Соңғы жаңалықтар