21 наурыз күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 21 наурыз күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолуын ұсынады.

9.00-де Конгресс-орталықта (Мәңгілік ел, 55) Наурыз мейрамына арналған мерекелік концерт өтеді.

АЛМАТЫ

11.00-де Алматы музейінде Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Айжан Әбдубаиттің «Алтын жіппен тігу өнері: дәстүрлер мен қазіргі заман» атты көрмесі ашылады.

11.00-де Depo Evolution park аумағында Алматы қалалық жастар саясатын дамыту қоры мемлекеттік қоры «Nauryz Depo» фестивалін өткізеді.

11.00-де Абай даңғылында (Наурызбай ауданы әкімдігіне қарама-қарсы) Наурыз мейрамына арналған мерекелік шара өтеді.

12.00-де Almaty Arena-да аралас жекпе-жек бойынша Fight Nights Global 86 халықаралық турнирінің ұйымдастырушылары мен басты қатысушылары баспасөз мәслихатын өткізеді.

15.00-де Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Танысу Алматы» халықаралық фестиваль-конкурсын өткізу бойынша баспасөз мәслихаты өтеді.

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ

11.00-де орталық алаңда аймақ басшысы Архимед Мұхамбетовтың қатысуымен Наурыз мейрамына арналған «Шақырады Наурыз» атты мерекелік бағдарлама өтеді.

12.00-де «Арғымақ» ипподромында ат спортына арналған мерекелік шара өтеді.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

9.00-де Қазығұрт ауданының Ақбұлақ ауылында Қазығұрт тауының етегінде «Наурыз Қазығұрттан басталады» атты мерекелік шара өтеді.

Соңғы жаңалықтар