21 қазанға арналған ауа райы болжамы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 21 қазан күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын сақталады, тек оңтүстік-шығыста сейсенбі жауын-шашынсыз өтеді. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман мен көктайғақ болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с күшейіп, тұман мен көктайғақ күтіледі.

Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с артып, түнде және таңертең тұман болжанады.

Павлодар облысында 15-20 м/с артқан желдің екпіні кей жерлерде 25 м/с жетуі ықтимал.

Ақмола облысының жекелеген аумақтарында тұман күтіледі, желдің күші 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау, Атырау облыстарында, түнде Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман болжанады.

Алматы облысында, таңертең және күндіз Оңтүстік Қазақстан, түнде, таңертең және күндіз Қызылорда облыстарында желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Атырау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

 

Соңғы жаңалықтар