21 қазанда өтетін Қазақстандағы маңызды оқиғаларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі 21 қазан күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар тізбесін ұсынады.

21 қазан күні Астанадағы Қазақ мемлекеттік заң университетінде сағат 11:00-ден 15:00-ге дейін «Bolashak Job Fair 2017» атты бос орындар жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкені ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен Қазақ мемлекеттік заң университеті ұйымдастырады. Әр жылдары «Болашақ» бағдарламасымен шетелде білім алған 500-ден астам түлек қатысады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар, жұмыс орнын ұсынушылар ретінде мемлекеттік және жеке меншік сектор, ұлттық компаниялар мен халықаралық ұйым өкілдері қатысады. Түлектер бос жұмыс орындарымен таныса алады.

«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры мен Константин Хабенский қайырымдылық қоры «Изумрудный квартал» бизнес орталығында Қазақстандағы қайырымдылық ұйымдары өкілдерімен кездесу өткізеді. Кездесу сағат 13:00-ге белгіленген. Сұрақтардың барлығына онкологиялық және өзге де ауыр бас-ми дертіне шалдыққан балаларға көмек көрсету қорының құрылтайшысы Константин Хабенкий жауап береді.

21-22 қазан күндері BAYTEREK CUP халықаралық турнирі өтеді. BAYTEREK CUP халықаралық турнирі Қазақстанның ғана емес, әлемнің үздік бишілерін, кәсіби төрешілерін жинайды. Үздіктерді таңдау үшін 2 мыңнан астам биші жиналады.

Astana Marriott Hotel АҚШ-тың Миннисота штатынан келген инклюзивті білім беру мамандарын жинайды. Мамандар педагогтар мен ата-аналарға балаларды дамыту туралы дәріс береді. Дәрісті St. Anthony Middle school мектебінің инклюзивті білім беру мұғалімі Стафани Гейнор, Дженнифер Хансен, Джеффери Остерхоут жүргізеді.

«Жастар» сарайында украина халқының «Біз біргеміз, бір бір отбасымыз!» атты ІІІ халықаралық фестивалі және Қазақстан халқы Ассамблеясының қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесі өтеді.

Алматыда Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетінде  сағат 9:00-де бірінші халықаралық пікірталас өтеді. Пікірталас ТМД елдері студенттері арасында АИТВ дерті тақырыбында болады. Пікірталастың ашылуына Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, ҚР Денсаулық  сақтау министрі Елжан Біртанов,  Алматыдағы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Валихан Ахметов және тағы да басқа жауапты мамандар қатысады.

Қазақ онкология және радиология институтында және еліміздің барлық онкологиялық орталықтарында Ашық есік күні өтеді. Обыр дертінанықтау, күрес жолдары түсіндіріледі. Орталықтар тегін тескеру жүргізіп, диагноз қояды.

Оқушылар сарайында сағат 11:00-де «SOS Детский деревни Алматы» шарасы өтеді. Шараға еліміздің бас ханымы Сара Назарбаев, ҚР Парламент Сенатының депутаты, халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік Комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева, Мәжіліс депутаты Серік Сейдуманов, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қатысады.

«Мега Парк» СОСК Energy Youth экстремальды сспорттық ойын түрлерінен фестиваль өтеді. Бұл спорттық фестиваль Алматына екінші рет ұйымдастырылып отыр.

Сағат 12:00-де «Алатау» театрында «Қазақ саңыраулар қоғамы» қоғамдық ұйымының құрылғанына 80 жыл толуына орай концерт өтеді. Есту қабілетінен айырылғандар мен алматылықтар мерекелік шараны тегін тамашалай алады.

Соңғы жаңалықтар