21 қараша күні Қазақстанда болатын маңызды оқиғаларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқапарт - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 21 қараша күні Қазақстанда болатын маңызды оқиғаларға шолу жасайды.

Сағат 10.00-де «Үкімет үйінде» Үкіметте отырыс өтеді. Күн тәртібінде экспорт саясатын оңтайландыру, әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру сұрақтары тұр. Кейін Инвестициялар және даму министрлігі өкілінің қатысуымен ҚР Үкіметінің ақпараттық коммуникация орталығында баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 10.00-де Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында «Бала мен денсаулық» атты пікірталас өтеді. Бұл Дүниежүзілік балалар күні аясында өтіп жатқан апталық аясында ұйымдастырылатын шара.

10.30-да «Тұран-Астана» университетінде республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар өтеді. Семинар «Тұран-Астана» университетінің 20 жылдығына арналған. Тақырыбы: «Интерактивті технологияны пайдалану - туризмді дамыту кепілі».

11.30-да Rixos President Astana қонақүйінде сән маусымының басты жаңалығы Kazakhstan Fashion Week Astana өтеді. Сән апталығының басты тақырыбы: : «Эко Fashion-Өмір қуаты».

12:20-да Орталық коммуникациялар қызметінде ауыл шаруашылығы кешеніндегі бәсекелестікті арттыру мақсатында ғылымды дамытуға арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

15:30-да Сенатта Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысы өтеді. Отырыста «Еуразиялық экономикалық одақ Кедендік кодексі туралы келісімшартты ратификациялау туралы» Заң жобасы талқыланады.

15.45-те үкіметтік емес ұйымдарға премия беріледі. Премия республикалық, салалық, аймақтық деңгейде әлеуметтік тапсырмаларды орындаған ҮЕҰ өкілдеріне беріледі.

16:20-да  Орталық коммуникациялар қызметінде азаматтық қорғаныс органдарының қысқы маусымға дайындығы туралы айтылады.

Ақтөбе облысы

11.30-да «Ақтөбе ақпарат» орталығында Ақтөбе облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Олжас Смағұловтың қатысумен баспасөз конференциясы өтеді. Баспасөз конференциясында 10 ай ішінде атқарылған жұмыстарының қорытындыланады.

Батыс Қазақстан облысы

15.00 Батыс Қазақстан облысына «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед барады. Партия төрағасының бірінші орынбасары мемлекеттік бағдарламалардың орындалуымен танысады.

Оңтүстік Қазақстан облысы

Сағат 07.00-де ОҚО Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Дарындылар елі» кіші жобасы аясында Мақтарал ауданының білім ұйымдарына пресс тур ұйымдастырылады.

Соңғы жаңалықтар