21 ақпанда ел аумақтарының басым бөлігінде жел күшейіп, бұрқасын болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі, 21 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты қар жауады, оңтүстік өңірлерде жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып,  бұрқасын, желдің күшейуі күтіледі.

Қазгидрометтің хабарлауынша, Ақмола, облысында бұрқасын  болады,  жел 15-20 м/с, кей жерлерінде ұйтқып  23-28 м/сек.-қа жетуі ықтимал.

Солтүстік  Қазақстан, Павлодар  облыстарының кей жерлерінде  бұрқасын  күтіледі, көктайғақ, желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады.

Қостанай облысында желдің күші 15-25 м/с, кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.

Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, таңертең тұман, басым бөлігінде жел күшейеді, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с болады.

 Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болады, жел 15-25 м/с күшейеді.

 Қызылорда ,Маңғыстау,  түнде Алматы  облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

Атырау, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. көктайғақ болады. 

Соңғы жаңалықтар