2030 жылы Дубай полициясының төрттен бірі робот болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дубайда алғашқы робот полицей қызметке кірісті. Оның қатарға алынатыны былтыр жария етілген болатын, деп хабарлайды arabianbusiness.coml .

Робот полицейдің бойы 170 см, салмағы 100 келі шамасында. Ол 1,5 метр қашықтықтан қолмен жасалған ишараны түсінеді. Алгоритмдер көмегімен адамның эмоциясын да тануға қабілетті.

Адамның көңіл күйіне қарай робот адаммен байланысудың жолдарын таңдайды. Ол адамның жүзін 20 метр қашықтықтан анықтайды, яғни қызмыскерді іздеумен айналысады. Аппарат сауда орталығында, сонымен қатар көшелерде қоғамдық тәртіпті қадағалайды.

2030 жылы робот полицей жергілікті полицияның төрттен бірін жасақтайды деп күтілуде. Биыл құлтемірден ғана тұратын полиция учаскесі ашылмақ. 

Соңғы жаңалықтар