Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 340.35
EUR 405.46
RUB 5.87
CNY 51.64

2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындары Парижде өтетін болды

2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындары Парижде өтетін болды
2017 жылғы 14 қыркүйек 14:06 457

АСТАНА. ҚазАқпарат - 4 жыл сайын ұйымдастырылатын жазғы Олимпиада ойындары 2024 жылы Париж қаласында өтетін болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі BBC ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Ал Лос-Анджелес Олимпиаданы 2028 жылы қабылдап алмақ. Осы уақытқа дейін әлемдегі ең ірі шаһарлары саналатын қос қаланың қайсысы Олимпиада ойындарын бірінші өткізетіні белгілі болмаған еді. Үміткерлерге бұл турасында өзара келісімге келу міндеттелген.

31 шілдеде Лос-Анджелес қаласының 2028 жылы Олимпиада ойындарын өткізу туралы ресми түрде өтінім бергені белгілі болған еді.

Айта кетерлігі, аталған екі қалада да екі мәрте жазғы ойындар өткізілген болатын. Атап айтқанда, әлемдік дәрежедегі ауқымды спорт сайысын Париж 1900 және 1920 жылы, ал Лос-Анджелес 1932 және 1984 жылы өткізген болатын.

Ал алдағы 2020 жылғы жазғы Олимпиада ойындары Токио қаласында өтеді.

 

 

Басты сөздер: Олимпиада, Спорт, Әлем,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер