2020 жылғы Паралимпиада ойындарында 537 медаль жиынтығы сарапқа салынады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Токиода 2020 жылы өтетін жазғы Паралимпиада ойындарында бес жүз отыз жеті медаль жиынтығы сарапқа салынады. Мұндай шешім Әбу-Дабиде (БАӘ) өткен Халықаралық паралимпиада комитеті (ХПК) Атқару комитетінің отырысында қабылданды. Бұл жайлы ХПК-нің қоғаммен байланыс жөніндегі директоры Крейг Спенс ТАСС-қа хабарлады.

Токиодағы Паралимпиада 2020 жылдың 26 тамызы мен 6 қыркүйегі аралығында өтеді.

«Токио Паралимпиадасында 537 медаль жиынтығы ойнатылады. Бұл Ойындар тарихындағы марапаттар саны жөнінен екінші орын. Рекорд Сиднейдегі Паралимпиадаға тиесілі, онда 561 медаль жиынтығы тартысқа салынған еді», - дейді Спенс.

2015 жылы ХПК Паралимпиада бағдарламасына бадминтон мен тхэквондоны енгізген болатын. Жапон астанасында жарыстар спорттың 22 түрінен өтеді, олар: бадминтон, арбадағы баскетбол, бочче, велоспорт, волейбол, голбол, ескек есу, дзюдо, каноэ, ат спорты, жеңі атлетика, үстел теннисі, жүзу, арбадағы регби, садақ ату, пауэрлифтинг, оқ ату, арбадағы теннис, триатлон, тхэквондо, арбада қылыштасу, 5х5 форматындағы футбол.

Соңғы жаңалықтар