2019 жылы Атырау облысы халқының 99,7%-ы табиғи газбен қамтылады

None
None
​АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында шалғайдағы елді мекендерді газдандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы бүгін аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевтың халыққа есеп беру жиынында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік әкімдікке сіллтемемен.

​«Қазір Құрманғазы ауданы Азғыр аймағындағы 10 елді мекенде ұзындығы 365 км (Балқұдық, Азғыр, Қоңыртерек, Асан, Үштаған, Сүйіндік, Жалғызапан, Батырбек, Егінқұдық, Қошалақ) магистралды және ауыларалық газқұбыры құрылысы жүріп жатыр.  Бүгінгі күні оның 53 шақырымы салынды» делінген хабарламада.

Сонымен қатар, облыстық әкімдік келтірген мәлімет бойынша, осы елдімекендерде ұзындығы 67,6 км ауыл ішіндегі газқұбыры желісінің құрылысын бастау жоспарланған. 
null 

«Құрылыс 2017 жылы басталды, 2019 аяқталады. Қазір аймақтағы тағы 13 шағын елдімекенді газбен қамтудың жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалуда. Құрылыс-монтаждау жұмыстары биыл жобалар дайындалып біткен соң басталуы тиіс. Осы жұмыстар аяқталғаннан кейін Атырау облысы халқының 99,7%-ы газбен қамтамасыз етіледі», деп мәлім етті өңірлік билік.
null 

Соңғы жаңалықтар