2019 жылғы Чемпиондар лигасының финалы Бакуде өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018/19 жылғы Чемпиондар лигасының ақтық матчы Бакудегі Олимпиада стадионында өтеді, деп хабарлайды испандық AS басылымы.

Сондай-ақ, бұл кездесуді өткізуге "Атлетико" "Метрополитано" жаңа ареналары үміткер болған. Алайда, аталып өтілгендей, УЕФА ол стадионда  VIP-орындардың тым аз болуына (жеті мың) байланысты бас тартқан.

2018/19 маусымының еурокубок финалын өткізу орнын УЕФА атқару комитеті 21 қыркүйек күні бекітеді. Еске салайық, бұл маусымда Чемпиондар лигасының финалын Киев қабылдайды.

Айта кету керек, Баку Еуропа лигасының финалынан да үмітті. Сондай-ақ, бұл шараны өткізуге Севилья ("Рамон Санчес Писхуан") мен Ыстанбұл ("Бешикташ Арена") да үміткер болып отыр. 

Соңғы жаңалықтар