2019 жылдан ағылшын тілі пән мұғалімдеріне 25 пайыз үстеме жалақы төленеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2019 жылдан бастап ағылшын тілінде өтетін пәндердің мұғалімдеріне 25 пайыз үстеме жалақы төленеді. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының әлеуметтік және білім салаларында жүзеге асырылуына арналған брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биыл ағылшын тілі курстарына 12 мың мұғалім жазылған. Оның ішінде 4 мың мұғалім ағылшын тілі курстарын бастап кетті. Жаңа оқу жылынан бастап  8 мың мұғалім курстарын бастайды. Оның әртүрлісі бар, 3, 6, 9 ай болып бөлінеді. Егер мұғалім 9 айлық курстан өтетін болса, онда оның жұмыс орны, жалақысы сақталып, қосымша шәкіртақысы  төленеді. Жол шығыны өтеледі. Курсты аяқтағаннан кейін ағылшын тілінде сабақ бере алатын болса жалақысына 25 пайыз үстеме қосылады»,-  деді Ерлан Сағадиев БАҚ өкілдерінің сауалына орай.  

Айта кетейік, 2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда кейбір пәндер ағылшын тілінде оқытылатын болады. Осыған байланысты қазіргі уақытта екі жылдан кейін ағылшын тілінде оқытылатын пәндердің мұғалімдері тілдік курстардан өтуде.

Соңғы жаңалықтар