2019-2020 жылдары Самұрық-Қазынаның 18 ірі компаниясы сатылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2019-2020 жылдары Самұрық-Қазынаның 18 ірі компаниясы сатылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында жекешелендіруді жүргізу барысы туралы баяндаған ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің айтуынша, 2019-2020 жылдары сатылуы тиіс 404 нысанның 130-ы 2017-2018 жылдар аралығында саудаланатын болады. 2017 жылы 325 нысанды, оның ішінде республикалық меншіктегі - 30, коммуналдық меншіктегі - 177, Ұлттық холдингтердің 67 және Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың 51 нысанын сату жоспарланған.

«2018 жылы 61, оның ішінде республикалық меншіктегі 4, коммуналдық меншіктегі 19, Ұлттық холдингтердің 35 және Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың 3 нысанын сату жоспарлануда. Аталған нысандардың  50-і Топ-65 тізіміне кіреді. Олардың 2017 жылы 29 топ нысанын, оның ішінде Ұлттық холдингтердің 21 және республикалық меншіктің  8 топ нысанын сату көзделіп отыр», - деді Сұлтанов.

Оның сөзіне қарағанда, 2018 жылы 21 топ нысан сату жоспарлануда, оның 16-сы Ұлттық холдингтердің, ал 5-еуі мемлекеттік меншіктің нысаны саналады.

«2019-2020 жылдары Самұрық-Қазынаның 18 ірі компаниясын, оның ішінде IPO/SPO аясында 8 топ компаниясын сату жоспарланып отыр», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар