Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -25 °С
Алматы: -11 °С
USD 327.10 EUR 400.53
RUB 5.78 CNY 50.84
Жаңалықтар

2018 жылы ҰБТ-ның қазіргі форматы сақталады

2018 жылғы 2 қаңтар 09:13 1603
Поделиться:
2018 жылы ҰБТ-ның қазіргі форматы сақталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жоғары оқу орнына ақылы түрде түсудің баламалы нұсқасын енгізу сапаның төмендеуіне алып келеді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігіне ҚР Білім және ғылым министрлігінен хабарланды.

«Ақ жол» партиясынан талапкерлерге жоғары оқу орнына түсу үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуден басқа баламалы нұсқа енгізу туралы ұсыныс жолданды. Бұл ұсыныс «Ақ жол» және «Нұр Отан» партияларының ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының қатысуымен білім және ғылым, балалар құқығын қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесте бірнеше рет қарастырылды», - деп атап өтілген министрлік мәліметінде.

Осы орайда ҚР БҒМ бұл ұсыныс педагогикалық және ата-аналар қоғамымен де жан-жақты талқыланғанын, қоғамның көзқарасы бірмәнді еместігін хабарлады.

«Қоғамның көзқарасы бойынша жоғары оқу орнына ақылы түрде түсудің баламалы нұсқасын енгізу сапаның төмендеуіне әкеліп соғады. Осыған байланысты алдағы 2018 жылы ҰБТ-ның жоғары оқу орнына түсуге арналған қазіргі форматы сақталатын болады», - делінген ведомство хабарламасында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, «Ақ жол» партиясы еліміздің жоғары оқу орындарының ақылы бөліміне түсетіндер үшін ұлттық бірыңғай тестілеуді алып тастау туралы бастама көтерген болатын.

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат