2018 жылы «СКАТ» пен «Qazaq Air» ИАТА мүшесі болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылы қазақстандық екі компания Әуе көлігі халықаралық қауымдастығының (IATA) мүшесі болады. Бұл туралы аталған қауымдастықтың Орталық Азия бойынша өңірлік менеджері Джордан Карамалаков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Менің жанымда алдыңғы қатарлы үш қазақстандық әуе компаниясының өкілдері отыр. Яғни, IATA мүшелігіндегі «Air Astana» компаниясынан бөлек, IATA - ның болашақ мүшелері «СКАТ» пен «Qazaq Air» бар. Атап айтқанда, «Qazaq Air» әуе компаниясы да биыл біздің мүшелікке енеді», - Джордан Карамалаков елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Өз кезегінде «Qazaq Air» басқарма төрағасы Блэр Трехерн Поллок бұл мүшелік әуе компаниясы мен оның жолаушыларына қосымша мүмкіндік беретінін атап өтті. 

«Qazaq Air» әуе компаниясы халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес, Қазақстанның өңірлері арасында байланысты қамтамасыз ету үшін құрылды. Аталған сертификатты алғаннан кейін, бізге халықаралық сапарларды орындауға жол ашылады», - деді Поллок.

Соңғы жаңалықтар