2018 жылы Шұбаркөлдің көмірін өндіру 12 млн тоннаға жеткізіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков Қарағанды облысында өткен жұмыс сапары шеңберінде «Шұбаркөл көмір» АҚ көмір кенінде болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ғ. Сәдібеков көмір бассейнінің жағдайымен және даму перспективаларымен танысып өтті. Оның ішінде тау-кен жұмыстарының жұмыс барысын, сұрыптайтын кешенді және көмірді жөнелту процедурасын қарады.

2017 жылы кәсіпорын 10,45 млн тонна көмір өндіріп, рекорд орнатты, оның ішінде халықтың коммуналдық-тұрмыстық қажеттілігіне арналған көмір көлемі 3,3 млн тонна болды. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 100 мың тоннаға артық.

«Шұбаркөл» АҚ әлеуметтік көмір шығаратын негізгі жеткізуші. Елдегі халықтың коммуналдық-тұрмыстық қажеттілігіне көмірдің үштен бір бөлігі дәл осы жерде өндіріледі», - деді вице-министр Ғ. Сәдібеков БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

2018 жылы кәсіпорын 12 млн тонна көмір өндіруді, оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке 300 мың тонна өсіммен 3,6 млн тонна отын шығаруды жоспарлап отыр.

«Шұбаркөл» АҚ орташа есеппен күніне 170-180 вагон көмір тиеледі. Көмір еліміздің барлық өңірлеріне жөнелтіледі.

«2018 жылдың қаңтар айында ғана Алматы облысына қатты суық болуына байланысты 1 055 вагон көмір, Оңтүстік Қазақстан облысына 500 вагон көмір түсірілді», - деді Ғ. Сәдібеков. 

Соңғы жаңалықтар